Беларусьтің Брест қорғанынан бастау алған «Жеңіс эстафетасы» бүгін Алматыға келді, деп хабарлайды 24kz.
28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өткен шараға қатысушылар сұрапыл соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Жетісу облысының шекарашылары даңқ белгісі салынған шыны капсуланы Алматы облысындағы әріптестеріне табыстады. Салтанатты рәсімге әскери қызметшілер, шекара қызметі мен соғыс ардагерлері, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері қатысты. Эстафета елдің барлық өңірлерінен өтіп, Қырғызстанға жол тартады. Ал 9 мамырда Мәскеуде аяқталмақ.
Бекжан Қуандықұлы, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің әскери қызметшісі:
- Бүгін біз үшін ерекше маңызға ие әсем Алматының төрінде жағылуының куәсіне айналып отырмыз. Бұл халқымыздың отансүгіштігі мен қаһармандығының символы ғана емес, мақтаныш пен рух биіктігінің бастауы. Еліміздің жүрегі Алматыға келіп жетті. Біз, сарбаздар мен офицерлер бұл жауапкершілікті зор құрметпен қабылдаймыз.
Тегтер #Алматы #еске алу
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz