Шығыс Қазақстанда жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін демалыс орындарын көбейту мақсатында жаңа туристік кластер құрылады.
Бұл жоба өңірдегі туризм саласын дамытуға тың серпін беруге тиіс. Аймақаралық ынтымақтастықты нығайту үшін Ресейдің Алтай өлкесімен серіктестік те қарастырылып отыр. Қазір туристік маусымға дайындық қызу. Әсіресе Бұқтырма көлінің жағалауында қарбалас күшейген.
Жаз шықса, Бұқтырма су қоймасының жағасы демалушыларға толады. Туристердің нөпірі маусым бастала салысымен артады. Сол себепті кәсіпкерлер биылғы демалыс кезеңіне қызу дайындық жүргізіп жатыр. Мұндағы ең ірі нысан- жағалаудан суға қарай бой созып жатқан жаңа пирс. Басты жаңалық - дәл осы пирс. Бұқтырма жағалауында мұндай нысан бұрын-соңды болмаған.Мұндағы жаңғырту жұмыстарына Дмитрий Смирнов жетекшілік етеді.
Дмитрий Смирнов, құрылыс учаскесінің бастығы:
- Бұл осы жағалаудағы ең әдемі орын болады.Тек біздің демалыс базамызға тоқтағандар ғана емес, өзге де қонақтар пирсте серуендеп,маңайды тамашалай алады.Туристер ағыны көп.Еліміздің түкпір-түкпірінен сонымен қатар көршілес Ресейден арнайы келетіндер бар..
Жағадағы Бұқтырма кентінде де абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Қазірдің өзінде инженерлік желілер жаңартылып, енді орталық көшелердің жолдары жөнделмек. Бұл мақсатқа қажетті құрылыс материалдары жақын маңда әзірленуде. Мамандардың айтуынша, туристер саны артқан сайын кентте қонақүй тапшылығы сезіліп отыр. Осыған байланысты бос тұрған ескі нысандарды қонақүй ретінде қайта жаңғырту жоспарлануда.
Нұржан Қанапин, Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі:
-Ауданның өзінде қонақүйлер аз болатұғын.Қазір екі проект дайындалды.Екі проектпен екі қонақүй саламыз деген ойымыз бар. Қонақүй салғанда бізде босап тұрған ғимараттар бар,сол ғимараттар жөндеуден өткізіп, гостиница ашамыз деген ойымыз бар.
Жыл бойы жұмыс істейтін демалыс кешендерін дамыту үшін инфрақұрылымдық қолдау көрсетіледі. Мәселен Риддер қаласы мен Глубокое ауданында тау шаңғы базаларын дамыту қолға алынады. Ал облыста екі әуежайдың салынуы шекаралық аудандарда туристік мүмкіндіктерге жол ашады.
Ардақ Мәдиев, ШҚО Кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы:
- Екі әуежай салынайын деп жатыр,Қатонқарағай ауданында Зайсан ауданында соның бәрі бізгеқосымша Марқакөл ауданында және Қатон ауданында тау шаңғы туристік базаларды компелкстерді салуға мүмкіншілік беріп отыр. Транспорттық инфрақұрылым арқасында соның дамуының арқасында одан сайын келетін туристер санын едәуір көбейтеміз бе деп үміттеніп отырмыз.
Осылайша суға да, нуға да бай аймақтың табиғи ерекшеліктерін түгелдей ескеру көзделіп отыр. Өткен жылы облыстың туристік нысандарында жалпы саны 430 мың адам демалған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ШҚО #туристер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz