Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен су құбырларын салуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Соның нәтижесінде Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындары тіршілік нәрімен қамтылады. Қосшы қаласында су құбырының құрылысын аяқтауға 476 млн теңге бөлінді. Қазір шамамен 50 шақырым құбыр тартылған. Жалпы желілердің ұзындығы 64 шақырым болады. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделген. Айта кетейік, Қосшыдағы қолданыстағы инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Ал ресми деректерге сәйкес, бүгінде онда 50 мыңнан астам адам тіркелген. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2038 жылға қарай Қосшыддағы халық саны 150 мыңнан асады деген болжам бар. Ал Макинск қаласында 72 шақырым су желісін тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен 45 шақырым желі тартылды. Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 606 млн теңге жобаны толық аяқтап, халқы 18 мыңнан асатын қаланы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақмола #активтер #су
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz