RU
Толық нұсқаға өту

«Денсаулық жолы: жүрек пен миға қамқорлық» марафоны өтуде. Live

28.04.2025, 11:35 529

Астанада «Денсаулық марафоны» өтіп жатыр. Шараға жиналған зейнеткерлер таң атысымен түрлі жаттығулар жасады.

Олар осылайша жүрек, қан тамыры ауруларының алдын алып, салауатты өмір салтын ұстануға ниетті. Сондай-ақ марафонға қатысушылар медициналық тексерістен өтіп, дәрігерлерден кеңес алды. 

Бас қаладағы ботаникалық саябақтан сөйлеп тұрмыз. Өздеріңіз көргендей астаналық ардагерлер Денсаулық жолы марафонына қатысуда. Байқағанымыздай қарттар ең алдымен медициналық бақылаудан өтті. Қан қысымы, дене температурасы тексерілді. Кейін түрлі дене жаттығуларын жасап, тыңғылық даярлық жұмысын өткізді. Кейін ғана жүру аймағына шықты. Ата-әжелеріміз 1200 метр жолды еңсерді.

Динара Бірмағанбетова, ұйымдастырушы:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, адам өлімінің 50 пайыз себебі жүрек, қан тамырлары аурулары болып келеді. Оның басты себебі белсенді өмірдің жетіспеушілігі, сондықтан біз қарттарға осындай марафон ұйымдастырып жатырмыз. Бүгінгі қатысып жатқан қарттар, ата-аналарымыз, аталарымыз бен әжелеріміз  Астана қаласының белсенді зейнеткерлері және қарттар үйінің тұрғындары.

Енді қатысушылар жайлы айтайын. Бас-аяғы бұл марафонға 40 қарт қатысты. Оның ең үлекені 83 жастағы астана тұрғыны. Ал ең жас марафоншы 61 жаста. Қатысушылардың бірі - Елтай Махметов мырза қасымда тұр. Сұхбатқа тартып көрейік.

Махметов Елтай, Астана қаласының тұрғыны:

- Иә, әріптес елде, оның ішінде бас қалада белсенді қарттардың қатары көбейіп келеді. Айтайық, елде 63 жастан асқан 2,5 млн жан бар. Қызық мәліметмен бөлісе кетейін, биыл біздегі орташа өмір сүру жасы ұлғайған екен. Қазақстандықтар орта есеппен 75, 44 жыл өмір сүреді. Бұл бір жыл бұрын жарты жылға аз еді. Меніңше ұзақ өмір сүрудің сыры спортта болса керек.     

Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы


Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz