Абай облысында құм сатып, пайда тапқан қос кәсіпкер істі болды.
Олар бұл жұмыспен 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында айналысқан. Мемлекетке 272 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Күдіктілер бас-аяғы 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, қылмыстық жолмен 150 млн теңгеден астам табыс тапқан. Қаржылық мониторинг агенттігі олар құмды жалған лицензия арқылы құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға өткізгенін анықтады. Іс Прокуратураға жолданды.
Салтанат Көшербаева, ҚР ҚМА басқарма басшысы:
- Соттың санкциясымен күдіктілердің 180 млн тг астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 млн теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар. Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Абай облысы #құмPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz