Елімізде алдағы 3 жылда тері мен жүнді өңдеуге 5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ.
2024-2028 жылдарға арналған ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, 6 жоба жүзеге асырылады. Олар шикізатты субсидиялау, арзан несие беру, өңдеу кәсіпорындарын қолдау және экспортты ынталандыру бағытында іске қосылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша теріні бастапқы өңдеу кәсіпорындары үшін құрылыс кезінде субсидия сомасы 661 млн теңгеге дейін, кеңейту кезінде – 300 млн теңгеге дейін беріледі. Өңдеу қуаты тәулігіне мың киллограм жүн және 2 мыңнан 5 мыңға дейін тері өңдеуге арналған нысандардың құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, кешенді жоспар аясында өңдеуге өткізілген шикізат көлемі үшін де фермерлерге субсидия көзделген. Алдағы 3 жылда өңірлерде 200-ге жуық мал терісін қабылдау пункттері ашылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #салық #нарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz