RU
Толық нұсқаға өту

Зейнеткерлер спорт және музыка үйірмелеріне қатысып жүр

28.04.2025, 13:45 336

Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан аса зейнеткер спорт және музыка үйірмелеріне қатысады.

Өңірде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысы жолға қойылған. Жасы 70-ке келген қариялар теннис пен тоғызқұмалақ, тіпті волейбол ойнайды. Өскемендік зейнеткерлер таң атысымен би билеп бой сергітеді.Жаңадан ашылған белсенді ұзақ өмір сүру орталығына күніне 100-ден аса қария келеді. Би мен спорт алаңы, өнер шеберханалары толық жабдықталған.

«Зейнеткерлер жастарға қашанда үлгі. Орталықта шығармашылық ансамбль құрып, әуелетіп ән шырқайды. Қала шетінен қатынайтын Майра Мүрсәлімова би десе аянып қалған емес. Буынның сырқырағанын да ұмытып кетемін», - дейді зейнеткер.

Майра Мүрсәлімова,  зейнеткер:

- Мұнда біз сияқты әжелер үшін барлық жағдай қарастырылған. Осында келсек, бір демалып қаламыз. Билегіміз келсе, би де бар. Уақыт өте көңілді өтеді.

«Ал 78 жастағы Гүлсайра Өтеулина үстел теннисі ойынында үздіктер қатарында. Адамдармен араласып, спорт пен музыкаға жақын болу – өмірді ұзартады», - дейді ол. Зейнеткердің жоспары да көп. Шет тілдерді меңгеріп, саяхаттауды армандап жүр.

Гүлсайра Өтеулина, зейнеткер:

- Спорттың барлық түрімен заниматься етуге болады. Қазіргі кезде, біздің кәрілік шағымызда қозғалыс пен сөйлесу, араласу өте жақсы. Маған осы ұнайды. Осы коллективтен мені айырмасын. Жиі келеміз. Жұмасына 3 рет келеміз. Арасында ансамбліміз бар.

Өскемендік зейнеткерлер заман ағымынан қалған емес. Компьютер тілін жетік меңгеріп алған. «Спорт ардагерлері» бірлестігінің төрағасы Мұхамедолла Мағзомов мұндай орталықтың маңызы зор екенін айтады.

Мұхамедолла Мағзомов, спорт ардагері:

- Ардагерлер разы. Әр түрлі жарыстар өтіп жатыр. Ән болсын, би болсын, күй болсын, шахмат, дойбы болсын дегендей. Шығыстың халқының моральдық ахуалы жақсы болады. Соның жақсы болуының себепкері осы орталық деп ойлаймын.

Қазір облыстың әр түкпірінен белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ашылып жатыр. Онда түрлі үйірмеге 3 мыңнан аса зейнеткер барады.

Әлмира Мүсінова, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Ауылдық мекендерде 234 осындай секциялар біз аштық әр салада. Мәдениет, спорт саласында. Бұл енді өте белсенді атқарылып жатқан жұмыс болғандықтан әрине тоқтамаймыз. Бұл жұмысты әрі де қарай дамытып, әсіресе аудан мен ауылдық елдімекендерде тұратын зейнеткерлерге өте көп көңіл бөлу керек деп жоспарлап отырмыз.

Орталықтағы қариялар ерік-жігер мен қайсарлықтың үлгісі. Қазір облыстағы екі жүзден астам зейнеткер кәсіби спортшылардан да кем түспейді. Олардың арасында волейболдан республикалық турнирлер мен Азия чемпионатының жеңімпаздары да бар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz