RU
Толық нұсқаға өту

Шерзат ісі: куәгерлер көрген-білгенін баяндады

28.04.2025, 19:10 598

Талдықорғандағы «Шерзат» ісіне қатысты сот отырысында алғашқы куәнің сөзіне прокурор күмән келтірді. Себебі Эльмира Нұрбекованың беттесу кезіндегі хаттамасы мен сот отырысындағы жауаптары сәйкеспеген. Осыған байланысты мемлекеттік айыптаушы оның жауабына күмәнмен қарау туралы  сот төрағасына өтініш жасады. Бірақ айыпталушылардың адвокаттары бұған қарсылық білдірді. Ал жәбірленуші жақтың қорғаушылары құп көретінін жеткізді. Тараптардың пікірін тыңдаған судья Ержан Жанұзақов бұл мәселені басы ашық күйінде қалдырды.

Екінші болып Дана Жақсыгелді куәлік етті. Ол өз сөзінде марқұм Нұрқанат Гаипбаевтың мылтықпен оқ атқанын айтты. Оқиғадан кейін Абзал Шынасылдың қолын жуу үшін сусын құйғанда пышақтың жүзін байқағанын жеткізді. Көліктің алдыңғы жағында отырғанда оның жанында отты қару болғанын мәлімдеді. Бұдан кейін тағы төрт куә көрген-білгенін баяндады. 

Айта кетейік, бүгінгі отырысқа Қаржаубай Нұрымовпен оның отбасы қатыспады. Олардың мүддесін авдвокаттары қорғап жатыр. Сот отырысы ертең де жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz