RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да жол салып жатқан бас мердігерге ₸1 млрд 66 млн айыппұл салынды

28.04.2025, 19:40 482

Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай жолын салып жатқан «Синьсинь» компаниясына 1 миллиард 66 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ. Мекеме экологиялық кодексті өрескел бұзған.

Табиғатты қорғау саласындағы құзырлы органдардың арнайы рұқсатын алмастан асфальт бетонды құрылғымен және ұсақтағыш кешенмен жұмыс істеп келген. Экология департаменті өкілдерінің сөзінше, бұл заңбұзушылық жоспардан тыс тексеріс кезінде анықталды. Мердігер болса бастапқыда тағылған айыппен келіспеді. Олар аталған екі құрылғыны қолданғанымыз жоқ, ал қиыршықтас пен құмды көрші учаскеден тасыдық деген уәж айтады. Бірақ есеп-қисап қағаздарында бұл айтылғандар расталмады.

Азамат Тәуірбеков, Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Аталған уәжді Экология департаментінің мамандары толықтай теріске шығарды және де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жүргізген толық талдамасын дұрыс деп танып, сот органдары Экология департаменті мамандарының әрекетін заңды деп таныды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz