RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда диқандары күрішті көшеттеп еге бастайды

28.04.2025, 19:45 494

Қызылорда диқандары биыл күрішті көшеттеп егеді, деп хабарлайды 24KZ. Тың тәсілді Шиелі ауданындағы шаруалар сынақтан өткізеді. Олар 10 гектар алқапқа көшеттеп егу әдісін қолданып, дақылды күтіп-баптауды жоспарлап отыр.

Шаруалардың айтуынша, бұл технология су үнемдеуге және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. «Егер тәжірибе сәтті шықса, аймақтың өзге де шаруашылықтарына енгізіледі», – дейді мамандар. Одан бөлек, Қытай, Түркия және Еуропадан әкелінген ұзын дәнді күріш сортының жерсінуі мен өнімділігі тексеріледі. Күріштің осы түріне әлемдік нарықта сұраныс жоғары. Биыл облыста 86 мың гектарға жуық жерге күріш себу жоспарланған.

Талғат Дүйсебаев, Ауыл шауашылығы басқармасының басшысы:

- Бірден бір күріш шаруашылығында суды үнемдеу, ол егісті лазерлік тегістеу. Қазір осындай лазерлік тегістегіш облыс бойынша соңғы жылдары шаруашылықтар жақсы алып жатыр, өйткені көздері жетті, қазір 200-ден астам лазерлік тегістегіштер бар. Биыл 60 мың гектар жерге лазерлік тегістеу жұмыстары жүреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz