RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысындағы ауылда өрт сөндіру депосы ашылды

28.04.2025, 19:50 492

Жамбыл облысы Майтөбе ауылында әмбебап өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24KZ. Бекет 8 мыңға жуық адам тұратын бес елді мекенді қамтиды.

Бұған дейін өрт сөндірушілер 60 шақырым жердегі Қаратау қаласынан келетін. Жалпы ауылдық округте 15 мың гектар егістік пен жайылым бар. Құтқарушылар алқаптарда өрт тұтанбауын қадағалайды. Бекетте заманауи қызмет көлігі, өрт сөндіру автоцистернасы мен құтқару қайығы бар. Жеке құрам қорғаныс құралдарымен толық жабдықталған.

Кеген Тұрсынбаев, ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі:

- Азаматтық қорғау органдарының 30 жылдығына орай мұндай жобалар барлық өңірде жүзеге асырылып жатыр. Жаңа бөлімше техника мен құтқару жабдықтарымен толқытай қамтылған. Бұл қызметкердердің кәсіби міндеттерін тиімді әрі сапалы орындауға, ал ауыл тұрғындарына уақытылы және жоғары деңгейде көмек алуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz