RU
Толық нұсқаға өту

Айрақты тауының аумағындағы тазалық дронмен бақыланады

28.04.2025, 20:00 524

Маңғыстаудағы Айрақты тауының аумағындағы тазалық дронмен бақыланады, деп хабарлайды 24KZ. Туристік маусым ашылғалы тау бөктерінде демалушы саны артты. Көбі от жағып, отырған жерінде қоқыс тастап кетеді. Заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында мамандар әуеден мониторинг жүргізуді бастады.

Табиғат аясына қоқыс тастағандар жайлы мәлімет құзырлы органға жолданады. Қоршаған ортаны ластағандарға әкімшілік шара қолданылады. Айрақты, Ақмыш, Самал сынды туристік орындарға қоқыс жәшіктері қойылып, коммуналдық мекеме қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаруға кірісті.   

Абат Өрісбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Демалушылар келген кезде дрон арқылы келген көлігінің мемлекеттік нөмірі де көрінеді. Қанша адам келгені де көрінеді. Сол орынға барып дрон күніне бірнеше рет ұшып қарайды. Мониторинг жасайды. Соның нәтижесінде егер сол орында қоқыс қалдыру, сондай құқықбұзушылықтар болса, онда біз сол материалды жинап құқық қорғау органдарына жібереміз. Одан бөлек, біз оны әлеуметтік желіге шығаруды жоспарлап отырмыз. Яғни табиғаттау аялауға шақырып, туризмді дамыту шеңберінде мәдениетті қалыптастырғымыз келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz