Ақмола облысында көзі тірі үш соғыс ардагері қалды, деп хабарлайды 24KZ. Оның бірі – 98 жастағы Иосиф Комин. Қазір майдангер Макинск қаласында тұрады.
Иосиф Комин Беларусь мемлекетіне қарасты Бильдюги ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың маусымында туған ауылын жау әскері басып алады. Тірі қалған барлық тұтқынды мәжбүрлі түрде Германияға жібереді. Бірақ майдангер жау тұрағынан қашып шығып, партизандар жасағына қосылады. Сол кезде оның жасы небәрі 14-те еді.
Виктор Комин, соғыс ардагерінің ұлы:
- Ол соғыс жылдарындағы естіліктерді көп айтқысы келмейді. Бірақ зұлмат шақтың куәгері болған ол: «Ел бірлігінен артық ештеңе жоқ, бейбітшілікті сақтаңдар», – деп үнемі айтып отырады. Біз әкемізді мақтамаймыз, біз онымен мақтанамыз.
Майдангер 1944 жылы әскер қатарына шақырылған. Ал үйіне тек 1951 жылы оралады. Яғни соғыс аяқталғасын ол 7 жыл Кеңес әскерінде қалтқысыз қызмет атқарған. Отты жылдардың жаңғырығы қарт жауынгердің жадынан өше қоймапты.
Иосиф Комин, соғыс ардагері:
- Жасы болсын, кәрісі болсын, сұрапыл соғыс өрті бәрін шарпыды. Еске алудың өзі қиын. Оқ пен оттың ортасында қанша қарулас жолдастарымыз жан тапсырды. Сондықтан жас ұрпақ бейбіт күннің қадірін білу керек. Енді мұндай майдан болмасын деп тілеймін.
Соғыстан кейін Иосиф Комин Калининград қаласында білім алып, зауытта жұмыс істейді. Ал 1954 жылы Қазақстанға қоныс аударады. Қазір майдангер Бұланды ауданының орталығында тұрады. Макинск қаласында көп жылдар еңбек етіп, зейнетке шыққан.
Биғайша Тортанова, Бұланды аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы:
- Бүгінгі күні ауданымызда жұма сайын сенбілік жүріп жатыр. Сол сенбіліктің арқасында біз бүгінгі күні ардагеріміздің есік алдын, ауласын бәрін тазалап бердік. Біз енді атамызға апта сайын келіп тұрамыз. Оқушыларда келеді. Бұл кісіден өсиет сөздер естіп, жақсы үлгі болып тұр.
Жеңістің 80 жылдағына орай майдангердің үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Сондай-ақ орталықтағы соғыс ардагерлеріне арналған саябақ пен ескерткіште жөнделіп жатыр.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный
Тегтер #Ақмола облысы #соғыс ардагері #Жеңіс күні #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz