RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Бозымбаев ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысын тексерді

28.04.2025, 21:10 485

Мемлекеттік органдарға бюрократиялық рәсімдерді қысқартып, пилоттық жобаларды іске қосу үшін жұмысты жеделдету қажет. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексеріп, жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді.

Биыл қаржылық оператор ретінде «Бәйтерек» холдингінің қызмет регламенті әзірленді. Сонымен қатар желілердің тозу деңгейі бойынша талдау жүргізіліп, пилоттық кәсіпорындар анықталды. Онда электрмен жабдықтауда 18, жылумен жабдықтауда 19, сумен жабдықтауда 24, су бұруда 26 мекеме бар. Бұдан бөлек, Ұлттық жоба аясында «Самұрық-Қазына» қорының 19 жобасы да іске асырылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz