RU
Толық нұсқаға өту

Шығыс Қазақстанда 668 адамды кене шақты

29.04.2025, 07:52 630

Далада кене көбейіп тұр. Шығыс Қазақстан облысында бұл жәнідіктер 668 адамды шаққан.

Олардың 90 пайызы кене энцефалитіне қарсы екпе салдырған. Әзірге, өңірде қауіпті жағдай тіркелген жоқ. 

«Былтыр да маусым айында 11 адам энцефалит жұқтырып, емделіп шыққан болатын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, облыста дәрі дәрмек жеткілікті. Кене көп шоғырланған Қатонқарағай, Марқакөл, Самар, Глубокое ауландарында зарарсыздандыру жұмыстары  аяқталуға жақын. Дегенмен табиғат аясында сақ болып,жәндік шаққан соң үш күн ішінде дәрігерге жүгіну керек», - дейді мамандар.

Гүлмира Қайратова, ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы:

- Медициналық көмекке жүгінгенде, барлық сынамалар жүргізіледі, сондықтан барлық сынамалар жүргізілгенен кейін енді, аурушаңдық бар ма, жоқ па барлығы анықталады ғой. Сондықтан медициналық көмекке уақтылы жүгінуіңіз қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz