RU
Толық нұсқаға өту

Елде құрылысты бақылау үшін бірыңғай портал құрылады

29.04.2025, 13:18 475

Елімізде кез-келген нысанның құрылысы енді цифрлық жүйе арқылы бақыланады. Ол үшін бірыңғай электронды портал құрылады.

Жүйеде жоспарлау мен жобалау жұмыстары да қадағаланады. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі мәлімдеді. Қуандық Қажкеновтың айтуынша, қазірдің өзінде бұл портал 89 қаланың бас жоспарын қамтып отыр. Отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов барлық цифрлық шешімдер – құрылысты іске асыру мерзімін қысқартуға, шығындарды азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ Үкімет басшысы бірқатар өңірде нысан салу қарқыны артқанын айтты. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысына сай, құрылыс жұмыстарының көлемі 1 трлн теңгеден асқан. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 17 пайызға артық.

Сондай-ақ құрылыс саласында Бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылады. Премьер-министр бұл жұмыстың Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асып жатқанын айтып, оны 1 қазанға дейін аяқтауды тапсырды. Осылайша инженерлік желілер схемалары мен қала құрылысы құжаттарын цифрландыру процесін жеделдету қажеттігін айтты. Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне құрылыс саласын цифрландыру жұмысын ерекше әрі тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz