RU
Толық нұсқаға өту

Құрылыс саласын цифрландыру жалғасады

29.04.2025, 13:22 599

Былтыр өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 6 млн қызмет көрсетсе, соның 96%-ы электрондық форматта жүзеге асты.

Саланы цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында баяндады. Құрылыс индустриясында реинжиниринг жүргізу жалғасатынын атап өтті. Құрылыстың барлық кезеңін қамтитын BIM технологиясын енгізу жоспарланып отыр. Бұл болашақ ғимараттың барлық бөлшегі - қабырғалары, құбырлары, жабдықтары көрінетін 3D-модель. Бұл технология қателіктерді алдын ала анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді. Жобалаудың осы түрін қолдану арқылы құрылыс мерзімін 25%-ға қысқартуға, құрылыс шығындарын 10% ға үнемдеуге, сондай-ақ ғимаратты пайдалануға беру шығындарын 15%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz