RU
Толық нұсқаға өту

АИИБ арқылы елімізге 2 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылған

29.04.2025, 13:43 584

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстанда жалпы құны 2 млрд доллардан асатын 7 жобаға инвестиция салған.

Бұл туралы Банктің 10-шы жыл сайынғы жиналысы барысында айтылды. Инвестициялар елдің көлік, энергетика және денсаулық сақтау салаларына бағытталған. Іске асқан жобалардың қатарында Жаңатас, Шоқпар және Ақмола облысындағы жел электр станциялары, сондай-ақ Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын автожолын қайта қалпына келтіру жұмыстары бар.

Алмас Жоламанов, АИИБ корпоративтік хатшылығы басқармасының қызметкері:

-Іскерлік кездесу алаңы ретінде Астана қаласы таңдалды. Себебі Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің негізін қалаушылардың бірі. Биыл банктің 10-шы жыл сайынғы шарасы 24 және 26 маусым аралығында Бейжің қаласында өтеді. Ал бүгін соған дайындық ретінде инфрақұрылымды жақсартуға керекті қаржыны тарту жолдары талқыланып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz