RU
Толық нұсқаға өту

24KZ арнасында «Бірлік формуласы» телемарафоны өтеді

29.04.2025, 18:17 560

Қазақстан халқының бірлігі күні 24KZ арнасы «Бірлік формуласы» телемарафонын ұсынады.

Бас шаһардағы Мәңгілік ел монументі мен Бәйтеректің маңындағы көшпелі студиялардан мерекелік хабар таратылады. Сондай-ақ телемарафонға Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарынан арна тілшілері тікелей эфирге қосылмақ. Достық, ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін мереке күні түрлі бейнематериал ұсынылып, этнобірлестіктердің жұмысы көрсетіледі. Тақырыпқа ой қосар спикер-қонақтармен сүбелі сұхбат құрылады.

Айта кетейік, бұрын-соңды болмаған ерекше форматтағы телемарафон 1 мамыр күні таңғы 09.00-де басталып, сағат 15:00-ге дейін жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz