RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында қарақұрт көбейіп барады

29.04.2025, 20:14 625

Атырау облысында биыл тағы қарақұрт қаптады, деп хабарлайды 24kz.

Индер ауданының тұрғындары қазір дабыл қағып отыр. Улы жәндіктер аула ішінде, саябақтарда көбейген. Былтыр 500-ге жуық түйені қарақұрт шағып, 90-ы өлген еді. Тіпті адамдар да зиян шеккен. Аудан бойынша қарақұртпен күреске бюджеттен қаржы қаралмаған. «Себебі, улы өрмекшілер қауіпті зиянкестер қатарына жатпайды», - дейді жауаптылар.

Мәмбетқали Құсайынов, Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Индер ауданы бойынша 2025 жылдың осы кезеңіне қарақұртпен шағу фактісі тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен қарақұрт ошақтарын жою, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Көтеріліп отырған мәселе бойынша аудан әкімдігі тарапынан қарақұртты аса қауіпті зиянкес ретінде реестрге тіркеу шараларын қабылдау үшін Атырау облысы әкімдігі мен салалық басқармаларға ұсыныстар жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz