Биыл Enbek.kz электрондық биржасында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланады, деп хабарлайды 24kz.
Оның 350 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болмақ. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары 2025 жылға арналған осындай қысқа мерзімді болжамын жариялады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2023-2024 жылдар аралығында 2 миллионнан аса бос жұмыс орны болған. Оның шамамен 40%-і білім беру және денсаулық сақтау салаларына тиесілі. 8%-і өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларында, ал 7%-і құрылыс бағытында болған екен. Жұмыс берушілердің өңірлік бөлінісінде былтыр Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды, Түркістан, Павлодар және Қостанай облыстары көш бастаған.
Тегтер #еңбек нарығы #Бос жұмыс орындары #жұмысшы мамандықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz