RU
Толық нұсқаға өту

Мопед иелері көлігін ішкі істер органдарында тіркеуге міндетті

30.04.2025, 18:13 365

Бұдан былай мопед иелері көлігін ішкі істер органдарында тіркеуге міндетті, деп хабарлайды 24kz.

«Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген тиісті өзгертулер күшіне енді. Осылайша, жоғарыда аталған қос дөңгелекті көлік түрін тек А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі барлар ғана басқара алады. Еске сала кеткен жөн, былтыр қазан айында «Жол қозғалысы туралы» заңға мопедтерді басқа механикалық көліктерге теңестіретін түзетулер енгізілген болатын. Қазірдің өзінде жол полициясы базасында 33 мыңнан астам мопед тіркеулі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz