Талдықорған қаласында әскери авиацияның ұшу жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Мұнда Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысатын Талдықорған мен Шымкент қалаларының әскери ұшқыштары дайындықтарын шыңдауда. Көп мақсатты Су-30СМ жойғышында экипаждардың ұшуы, қонуы және жоғары пилотаж элементтерін орындауы пысықталады.
«Бұл іс-қимыл барынша дәл және үйлесімді әрекетті қажет етеді», - дейді мамандар. Айта кетейік Жеңіс шеруіне Талдықорған мен Шымкенттен 12 ұшақ, 24 ұшқыш және инженерлік-техникалық құрамның 150-ге жуық маманы қатысады. Көк қырандарының шеберлігі мен жоғары кәсібилігін 7 мамыр күні «Қазақ елі» монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңынан көре аласыздар.
Әбдімәжит Жанахметов, әскери бөлім командирі:
- Жеңіс шеруіне қатысу үшін қатаң іріктеуден және арнайы дайындықтан өткен кіл мықты ұшқыштар таңдалды. Дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуда. Жаттығу барысында ұшу бағдарламасының барлық элементтері мұқият пысықталады.
Тегтер #ТалдықорғанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz