Алматыда «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігінің құжатты дәлелдері» атты фотоальбом жарыққа шықты, деп хабарлайды 24kz.
Зерттеушілер екі жыл ішінде отандық және ресейлік архивтерді ақтарып, көпшілік біле бермейтін ардагерлердің құжаттарын жинақтаған. Жаңа фотоальбом үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде «Данқ» орденінің толық иегерлерінің суреттері мен олардың соғыстан кейінгі өмірінен сыр шертетін материалдар берілген. Зерттеушілердің айтуынша, соғыс жылдары «Даңқ» ордені Кеңес елдері бойынша 2671 адамға берілген. Соның 139-ы қазақстандық екен. Ал «Саптағы әйелдер» бөлімінде ерліктері аз айтылған қазақстандық әйел-ардагерлердің фотоқұжаттары бар. Сонымен қатар еңбек майданындағы азаматтардың жауды жеңуге қосқан үлесін бейнелейтін фотосуреттен енген. Әзірге 300 данамен басылған кітап маусым айында Ресейде де таныстырылмақ.
Қанат Шоманов, фотоальбом авторы:
- Қазақстандағы барлық өңірлерден архив мекемелерінен құжаттар сұраныс жасап алдық біздің тақырыптарымызға сай және Ресей Федерациясының кино, фотоқұжаттар архиві бар. Сол архивтен де құжаттар алынды. Нәтижесінде 135 адамның суретін тауып, фото портреттерін біз фотоальбомға енгіздік. Өкінішке қарай 4 адамның фотосы кірмей қалды біздің фотоальбомымызға.
Тегтер #Алматы #соғыс ардагерлері #Жеңістің 80 жылдығы #фотоальбомPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz