Өңірлерде заңсыз салынған құрылыс нысандары жасанды интеллектінің көмегімен анықталады, деп хабарлайды 24kz.
Сонымен қатар заманауи технология бас жоспарға сай келмейтін құрылыс жүргізудің алдын алуға көмектеседі. Пилоттық жоба биыл толыққанды әзірленіп, келер жылы заңнамалық түзетулер арқылы қолданысқа енгізілмек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді. Ол 2026 жылы елде егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асыруды жасанды интеллект бақылайтынын жеткізді. Жергілікті жердің цифрлық моделі жасалып, қала құрылысы жобаларына қайшылық фактілері анықталған жағдайда жүйе тиісті органдарға хабарлама жібереді. Сондай-ақ бұдан былай қалаларда салынып жатқан нысанның әуелгі жобасынан және салыну мақсатынан ауытқымауы үшін құрылыс объектісінің бірегей нөмірі енгізіледі.
Тегтер #жасанды интеллект #заңсыз құрылыс #заманауи технологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz