Елде жыл басынан бері 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды 24kz.
Бұдан басқа, 69 нарколаборатория, оның ішінде 5 синтетикалық есірткі өндірісі жойылды. Есірткі бизнесімен күресте шамамен 850 млн теңгеге 8 мыңға жуық шот бұғатталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде белсенді жұмыс жүріп жатыр. Биыл наурыздан бастап жеке үй-жайларда есірткіні медициналық мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін жауапкершілік артты. Мұндай заңбұзушылық үшін 80 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, ал қайталап бұзған жағдайда 20 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Тегтер #есірткі #нарколаборатория #ҚР ІІМ #нашақорлықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz