Бүгін елордада Қазақстан колледжерінің үздік студенттері марапатталды, деп хабарлайды 24kz.
Республикалық байқауда еліміздің әр аймағынан 3 мыңға жуық студент сынға түсіп, соның 100-і топ жарып, көш басына ілікті. Олар инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары, балық шаруашылығы мен ветеринария сынды 8 негізгі бағыт бойынша бақтарын сынаған.
Санжар Тәтібеков, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бөлім басшысы:
- Жалпы 2600-ден аса студент қатысты. Өңірлік кезеңге 800-ден аса студент қатысатын болса, республикалық этапқа 200 студенттің ішінен 100 студент іріктеліп алынды. Мақсатымыз – талантты, перспективті жас буынды таңдап алу, оларға қолдау көрсету. Бүгінгі таңда ең бірінші талабымыз ол – жұмысқа орналастыру.
Үздік студенттер 20-дан астам жетекші кәсіпорын, үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру мекемелері тарапынан жұмысқа тұруға ұсыныс алды. Сондай-ақ әкім гранты арқылы жоғары оқу орындарында білімін әрі қарай жалғастыру мүмкіндігіне де ие болды.
Гүлбахат Құттыбаева, байқау жеңімпазы:
- Өте қуаныштымын. Себебі, мен республика бойынша үздік 100 студент қатарына іліктім. Үлкен жалақымен қалаған жұмысымызға тұруға көптеген мүмкіндіктер қарастырып жатыр.
Тегтер #елорда #марапаттау #республикалық байқауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz