Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің депутаттары елордадағы Бас әскери клиникалық госпитальге барды, деп хабарлайды 24kz.
Онда Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров медициналық көмек көрсету жағдайы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілу және кадрлық әлеуеттің жай-күйімен таныстырды. Ал, госпиталь бастығы полковник Арман Ескендіров депутаттарға ұйымда көрсетілетін медициналық қызметтер жайлы толық ақпарат берді. Сенаторлар өз кезегінде стационарлық және амбулаториялық емдеу, дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ диагностикалық қызметті дамыту мен пациенттерді ыстық тамақпен қамтуды сапалы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Парламенттегілер әскери медицина саласын одан әрі нығайту үшін заң жүзінде қолдауды жалғастыратынын жеткізді.
Тегтер #Сенат депутаттары #медициналық қызметтер #ақпаратPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz