RU
Толық нұсқаға өту

М. Әшімбаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

01.05.2025, 15:10 595

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Халқымыз «Ынтымақ – игіліктің бастауы» дейді. Қазақ қай кезеңде де осы ұстанымды ту ете білді. Қазіргі таңда кең байтақ жеріміздің достық пен татулық салтанат құрған, құтты мекенге айналуы соның нәтижесі. Бұл ретте Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында белгілеп берген басымдықтар, айрықша мәнге ие. Шын мәнінде, өзара сенім мен құрмет, жауапкершілік пен отаншылдық және диалог пен келісім, қарқынды дамудың кепілі. Әр қазақстандық осы қағидаттарға адал болса, бірлігіміз бекемделіп, елдігіміз еңселене түсері анық», делінген Сенат Төрағасының құттықтауында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz