RU
Толық нұсқаға өту

24KZ арнасы ауқымды телемарафон өткізді

01.05.2025, 17:00 945

24KZ арнасында бұрын-соңды болмаған мерекелік телемарафон өтті.

Астанадағы екі бірдей көшпелі студиядан хабар таратты. Алты сағатқа созылған тікелей эфирді 18 жүргізуші тізгіндеп, 30 шақты қонақпен сұхбаттасты. Жер-жердегі тілшілер қосылып, ынтымақ күнін бірге ұлықтады. Қазақстан халқы бірлігі күні мен Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған «Бірлік формуласы» марафоны.

Қазақ елі монументі маңындағы аллеяда таң ата қарбалас. Алдын ала орнатылған көшпенді студия алдына камералар қаз-қатар тізіліп тұр. Оператор, продюсер, режиссердің бәрі тегіс осында. Тележүргізушілердің алғашқы жұбы тікелей эфирде қазақ елін Бірлік күнімен құттықтап, мерекелік сұхбатқа кіріссе, өзге әріптестері шатырдағы грим бөлмесінде дайындалып жатыр.    

- Айдос, кеттік!

Арнаның тәжірибелі операторы Серік Қоңырбай, таңғы алтыдан бері осылай крандағы камераның мүлтіксіз жұмысын қадағалап отыр. 

Серік Қоңырбаев, телеоператор:

- Алты оператормыз. Дольчигім бар бір.

– Студиядағы түсірілімнен қарағанда көшпелі студиядағы түсірілімді ұйымдастыру қаншалықты қиын?

– Жоқ, көшедегі қызық бір шетінен, студиядан қарағанда. Ерекше, таза ауада. Әдемі болып жатыр, жақсы жүріп жатыр эфир. /әрі қарай крандағы операторға команда береді /Сәл көтерші, Айдос, чуть-чуть көтер! Все болды.

Тікелей эфирге арнайы шақырылған спикерлердің қатарында сенат депутаты Геннадий Шиповских бар. Таң атысымен «Бірлік» атты желаяқтар марафонына қатысқан соң бірден осында бет алыпты. Қазақстанның барлық аймағы мен алыс-жақын шетелден тікелей қосылымдарға куә болып, телемарафонның ұйымдастыру деңгейіне жоғары бағасын берді. 

Геннадий Шиповских, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

- Әрбір мемлекеттің байлығы мұнай мен ақша емес, бұл ең бірінші кезекте сол елдің бірлігі, тұрақтылығы яғни егемендігі мен тәуелсіздігі. Ал бұның барлығы бірінші кезекте бірліктің арқасында болады. Сондықтан осы моментті пайдаланып, мен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Мейрамнан мейрамға аман-есен жете берейік.

«Студиядан эфирге шыққанда телекөрерменді көре де, сезе де алмайсың. Ал ашық аспан астында хабар таратқанда көшедегі көзі қарақты көрермен қауымын көріп, ерекше күйге бөленеді екенсің», дейді тележүргізуші Қайрат Советбекұлы.

Қайрат Советбекұлы, 24KZ арнасының тележүргізушісі:

- Осы тұрғыдан мына барша осыны ұйымдастырып отырғызған басшылыққа, одан кейін талмай, тынбай кешеден бері еңбек атқарып жүрген операторлар бар, режиссерлер, ассистенттеріміз бар, соларға алғыс айтқым келеді. Барлығы жоғары деңгейде өтті деп ойлаймыз. Сол кісілердің еңбегін еш кетірмей, зая кетірмей, күннің шақырайып тұрғанына қарамастан ойдағыдай жүргізіп шығуға тырыстық.

Бас шаһардың басты символы - Бәйтерек маңында да бірнеше камера орнатылып, түсірілім тобының алаңы орналастырылды. Сағат сайын үздіксіз эфирге қосылған көшпелі студияда салмақты пайым айтылып, сүбелі сұхбат құрылды.

Баян Ахатай, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары:

- Мына саяси тұрақтылық, экономикалық тұрақтылықтың барлығы тек қана бейбітшіліктің арқасында келеді. Егер сол бейбітшілікті барлығымыз жабылып қамтамасыз етсек, онда еліміздің дамуы, өсуі, өркендеуі, маңызды бір серпінді күшке ие болады деп ойлаймын. Сондықтан осы бейбітшілікке шақырамыз.

- Все убрали, передача во сколько? – Жиырма сегіз, қырық сегіз.

Елордадағы көшпелі студиялардан бөлек, өңірлер мен өзге мемлекеттердегі тілшілерді де тікелей эфирге қосып, әзірлеген материалдарын көрерменге ұсыну – оңай шаруа емес. Сондықтан, Қазмедиадағы хабар тарататын техникалық бөлмеде жұмыс қауырт.     

Жасын Біркенов, 24KZ арнасының директоры:

- Алты сағаттық марафон. Осынымен біз ерекшеленеміз. Үздіксіз, үзіліссіз, алты сағат тікелей эфирде мынау бүгінгі бірлік мерекесі күні аясында және ҚХА 30 жылдығына орайластырып, осындай бір үлкен телемарафон ұйымдастырдық.  Жалпы осы телемарафонның мақсаты мынау бір шаңырақтың астында 130-дан астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр қазақ елінде. Сондықтан осы қазақ еліндегі татулықты көрсетейік, достықты көрсетейік деген мақсатта осы телемарафонымызды паш етпекшіміз. 

Алты сағаттық телемарафон осылай мәресіне жетті. «Бірлік формуласы» атты тележарыс жұртты біріктіруші фактор - ұлтаралық ауызбіршілікті ту етті. Достық татулыққа, ал татулық тұрақтылыққа бастайтынын тағы бір еске салды.  

Бақыт Топтаева, Ақылбек Есімсейіт

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz