1 мамыр – Қазақстанда туған Оңтүстік Корея тұрғындары үшін де ерекше мереке.
Олар өздерін әлі күнге қазақстандықпыз деп мақтанып айтады. Әрі жергілікті халықты қазақ мәдениетімен таныстырып жүр.
Корей фильмдері мен сериалдарын көретіндердің бәріне таныс дауыс. Қостанайлық Юрий мен Аруна Ким дорамаларды дыбыстаумен айналысып келе жатқандарына 10 жыл. Ерлі-зайыптылар, яғни Ханзада Лимон мен Аконя бұл істі Қазақстанда бастаған. Алты жыл бұрын Оңтүстік Кореяға үлкен қызымен бірге көшіп келген. Бұл елде олардың ұлы дүниеге келді. Юрий мен оның балалары Корея азаматтары. Алайда жергілікті тұрғындардан "қайдан келдіңіздер?" деген сұраққа мақтанышпен "біз қазақстандықтармыз" деп жауап береді.
Юрий Ким, "Softbox" студиясының негізін қалаушы:
- Мен үшін әрдайым Отаным – Қазақстан болып қала береді. Өйткені мен Қазақстанда туып-өстім, ең үздік жылдарымды, жастығымды сонда өткіздім. Мектепті де, университетті де Қазақстанда тәмамдадым, барлық достарым сол жақта. Мұнда мен соңғы жылдары ғана қоныс аудардым, сондықтан ол жақтың жылылығы, достық қарым-қатынасы қатты жетіспейді.
Юрийдің Отанға деген сағынышын жары Аруна басады. Ол қазақ әндерін шырқайды, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, қызы Санаға қазақ тілін үйретіп жүр.
Аруна Ким, "Softbox" студиясының негізін қалаушы:
- Қазақстандағы сияқты мұнда қонақшыл нәрсе деген жоқ. Кафеге барып келейік барайық деп, үйге кіргізу деген ондай нәрсе жоқ. Кореядағы ет, Қазақстандағы ет, көкпен жер сияқты басқаша. Біздің Қазақстандағы ет тәп-тамаша, тәп-тәтті, жұп-жұмсақ, пісіргенде иісі қандай шығады. Біздің шөбіміз де жақсы, жеріміз де жақсы деген сияқты, сол ғой.
Оңтүстік Корея, Ансан
Александр мен Айнагүл Лидің көпұлтты отбасы да қазақ тілінде сөйлейді. Олардың ұлы Милад Жетісу облысының Үштөбе ауылында мемлекеттік тілді меңгерді.
Сонда қазақ мектебін бітірген. Миладтың тәрбиесімен әжесі Зауреш айналысқан. Ол немересіне қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін үйретті.
Оңтүстік Корея, Ансан
Бес жыл бұрын Милад Ли жұмыс бабымен Оңтүстік Кореяға келген. Мұнда ол жергілікті халыққа Қазақстанды таныстырып жүр.
Милад Ли, Ансан қаласының тұрғыны:
- Әкем де менің ана тілімді меңгеруіме жағдай жасап, қазақша топқа балабақшаға берді. Домбыра әр қазақтың үйінде болуға тиіс аспап деп есептеймін. Мен домбырада ойнауды үйренуге үлкен құштарлық танытып жүрмін. Қазақстан – менің туған жерім. Ағайын-туыс, бауырларым, достарымның бәрі сол жақта. Олармен жиі хабарласа алмасам да, әрдайым жүрегімде. Өз елімді, туған жерімді қатты сағынып жүрмін. Корея қандай жақсы болса да, туған жер әрқашан ыстық.
Миладтың арманы – Оңтүстік Кореяның айти саласын тереңірек меңгеріп, Қазақстанға қайта оралып, бар білген-түйгенімен бөлісу.
Оңтүстік Корея, Йонин
Юрий Ким де өзінің туған еліне пайдасын тигізгісі келеді. Ханзада Лимон осы айда Оңтүстік Кореяда өткен Азия қазақтарының құрылтайында өз ұсыныстарын білдірді. Юрий Ким Оңтүстік Кореяның тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның кино индустриясын дамытуға үлес қосуды жоспарлап отыр.
Владислав Цой, Ольга Лян
Тегтер #Оңтүстік Корея #корейлер #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz