Астанадағы LRT жолдарының 25%-ы төселді, деп хабарлайды 24kz.
Осылайша, екі жолақты желінің жоспарланған 22,4 шақырымының 5,6 шақырымы аяқталды. Қазір нысанға маневрлік тартқыш, экскаватор, бетон араластырғыш, консольді кран және платформа секілді арнайы техникалар жеткізілді. Алдағы уақытта шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи рельс бекіту жүйесі енгізілмек.
«Оның ерекшелігі шуды 5-10 децибелге дейін азайтып, тозуға төзімділігі мен түрлі жағдайға бейімделуінде», - дейді мамандар.
Тегтер #Астана #ЛРТ #рельс жолдары #арнайы техникаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz