Батыс Қазақстан облысында тасқын су өзен-көлдерге жіберіліп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Қоймаларда жинақталған су қоры 20-дан астам айдынды толықтыруға мүмкіндік берді.
«Сондай-ақ Жайық-Көшім мен Қос өзен жүйелері арқылы 18 мың гектардан астам шабындық жер суланды. Бұл өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып, шаруаларды қажетті мал азығымен қамтуға сеп», - дейді мамандар. Жыл басынан бері Жайық өзенінен Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесіне 307 млн текше метр су келген. Оның 124 млн текше метрі тасқын су. Бүгінгі таңда аталған гидронысан 72%-ке толды.
Тегтер #Батыс Қазақстан облысы #тасқын су #өзен #көлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz