RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысының тұрақтандыру қорында 11 мың тоннаға жуық өнім бар

02.05.2025, 21:42 651

Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты, деп хабарлайды 24kz.

Қымбатшылық байқалмайды. Жергілікті атқарушы билік күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасын  бақылауға алған. Бүгінгі таңда облыстың тұрақтандыру қорында 11 мың тоннаға жуық өнім бар. Мұндай қорлар әдетте күз айларында жасақталады. Тұрақтандыру қорынан босатылатын өнімдер серіктес дүкендерде төмен бағамен сатылады. Павлодарда қазір әлеуметтік маңызға ие 12 түрлі өнім қоры сақталған.

Азамат Дандыбаев, «Павлодар» ӘКК Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің директоры:

- Павлодар облысының өңірлік тұрақтандыру қорында шамамен 10,8 мың тонна өнім бар. Оның ішіне көкөніс өнімдері мен азық-түлік түрлері де кіреді. Арзандатылған өнімдер облыс көлемінде 203 дүкенде сатылады. Павлодар қаласының тұрғындары тұрақтандыру қорынан босатылатын тауар түрлерін 110 сауда орнынан және фермерлік базардан сатып алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz