RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-дағы шаруа қожалықтарына қажетті техника сатып алынады

02.05.2025, 22:31 681

Шығыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарына 500-ге жуық трактор мен комбайн сатып алынады, деп хабарлайды 24kz.

Арнайы техниканы жеңілдетілген несиемен алу мақсатында бірнеше қожалық жетекшісі қаржылық ұйыммен келісімшарт жасап та қойды. «Жалпы егіс алқаптарындағы техника атаулыны толықтай жаңартатын кез келді», - дейді мамандар. Әбден тозығы жеткен 300 трактор мен 140 комбайн есептен шығарылуы тиіс. Ал қазір диқандар үшін ең қарбалас уақыт. Биыл 618 мың гектар егістік алқабын өңдеу қажет, бұл былтырғымен салыстырғанда 10 мың гектарға артық. Агрономдар дрон сияқты заманауи техника мүмкіндіктерін де сынап көруге дайын.

Данияр Әбітаев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Автопаркті жаңартудың маңызы зор. Ескінің аты ескі. Тозығы жеткен трактормен ұзаққа бармайсың. Аяқ асты сынса, қаншама уақыт жоғалтамыз. Оның үстіне жұмыс өнімділігін арттыру үшін жұмысшыларға да қолайлы жағдай жасалғаны дұрыс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz