Абай облысында Шаған, Шорға және Қалба соғыстарында ерлік көрсеткен, бірақ тарихта аталмай қалған 20-ға жуық батыр белгілі болды.
Жергілікті тарихшылар мен өлкетанушылар, өңірге арнайы экспедиция жұмыстарын жүргізу арқылы олардың есімін анықтады. Бұл жайында Астанада өткен «Батырлар институты» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды. Мамандар зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға ниетті. Олар алдағы уақытта мұндай құнды ақпараттарды қағазға түсіріп, кітап шығаруды жоспарлап отыр. Жиында ұлттық рух пен ұрпақ сабақтастығы да сөз болды. Конференцияны Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қалалық Әдістемелік орталығы және номері 74-мектеп-гимназия бірлесіп ұйымдастырған.
Жамбыл Жұманбаев, өлкетанушы:
- Мысалы, Тентек Қалыбай деген болған. Ол Жетімтөбеде жатыр екен. Ол спутник арқылы көрінді аты. Ол бар. Біз тапқаннан кейін оның ұрпақтары Жарманың Қалбатауында тұрады екен. Қазір басына үлкен құлпытас қойған.
Жангелді Әмірғалиев, қала әкімдігі "Әдістемелік орталығы" МКҚК басшысының орынбасары:
- Бүгінгі конференцияның негізгі мақсаты «батырлар институтын» ғылыми негізге зерделеу арқылы ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру. Оның ішінде отансүйгіштік, ар-намыс қасиеттерін сіңіру болып табылады. Әрине «батырлар институты» тек қолына найза ұстаған ер емес, елдік пен ерліктің символы, рухани тірегіміз деп түсінеміз.
Тегтер #тарих #батыр #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz