Петропавлда Ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагері Фёдор Щегловқа құрмет көрсетті.
Академияның курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары 98 жастағы майдангерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Жауынгерлер ардагер үйінің алдында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен саптық шеру ұйымдастырып, қарияға гүл табыстады.
Фёдор Щеглов, соғыс ардагері:
- Сарбаздардың мұндай сый-құрметіне алғыс білдіремін. Аспанымыз ашық, ел тыныш болсын!
Мұрат Кинжалиев, ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанты:
- Майданда танкист болған ардагерді құттықтауды жөн көрдік. Оған ерекше құрметімізді көрсеттік. Қазір құқықтық тәртіп әскері «Жеңіске жүз күн қалғанда» науқаны аясында сарбаздардың қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
Тегтер #Петропавл #Ұлттық ұлан #Жеңіс күні #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz