Павлодарда бұрынғы Сенат депутаты, қоғам қайраткері, қаланың құрметті азаматы Сағындық Есімхановқа арналған ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Жерлестері мен әріптестері оның өмірі мен еңбек жолы жайында естеліктерін бөлісіп, жылы лебіздерін арнады. Мемориалды тақта қоғам қайраткері кезінде қызмет атқарған ғимарат қабырғасына орнатылды. Жиналған жұрт гүл қойып, Ертіс өңірінен шыққан асыл перзенттерін ыстық ықыласпен еске алды.
Азамат Есімханов, ұлы:
- Менің әкем қарапайым ауыл баласынан Сенат депутатына дейінгі үлкен жолды жүріп өтті. Павлодар облысының ғана емес, елдің дамуы мен өркендеуіне өзінің өлшеусіз үлесін қосты деп мақтанышпен айта аламын. Әкемнің өнегелі өмірі бізге үлгі.
Гүлжан Қожамжарова, С.Есімхановтың әріптесі:
- Бүгін міне, Ертіс өңірінде кереметтей өте маңызды жақсы шара болып жатыр.Сағындық досыма, құрбыма, әріптесіме, замандасыма осындай мемориалды тақта, ескерткіш орнатып Павлодардың, қазақстандықтардың, жастардың өзімен бірге істеген әріптес достарының ешқашанда есінен кетпейтіндей ескерткіш орнатып, міне, бір белгі, кереметтей мәжіліс өткізіп жатырмыз
Тегтер #Павлодар #ескерткіш тақта #еске алуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz