RU
Толық нұсқаға өту

«Салауатты сана»: Меңдіқара ауданындағы Аналар кеңесі 10-нан аса іс-шара өткізді

03.05.2025, 20:15 559

Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Аналар кеңесі жыл басынан бері «Салауатты сана» жобасы аясында 10-нан аса іс-шара өткізген, деп хабарлайды 24kz.

Ауылдағы қоғамдық ұйымның әсіресе өскелең ұрпақ тәбиесіне, отбасы бірлігін сақтауға қосып отырған үлесі зор. Сондай-ақ кеңес мүшелері қайырымдылық шаралардың басы-қасында жүреді.

Меңдіқара ауданында Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі осыдан он жыл бұрын құрылған болатын. Оның құрамына түрлі сала қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым және этномәдени бірлестік өкілдері кірген. Барлығы 17 адам. Олар кемі айына екі рет бас қосып, алдағы атқаратын жұмыстарын анықтап, белгілеп отырады.

Құралай Кеңдірбаева, Меңдіқара ауданының Аналар кеңесінің төрайымы:

- Біздің енді басты мақсатымыз – салаутты сана, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп оқушыларымен, студенттермен және ауыл тұрғындарымен көптеген іс-шаралар өткіземіз, треннигтер ұйымдастырамыз. Қайырымдылық істерге қатысамыз. Биылғы жылы Меңдіқара ауданы бойынша он шақты отбасына көмек көрсеттік.

Кеңес мүшелері қиын жағдайға тап болған жандарға тұрақты түрде азық-түлік, қаржылай көмек көрсетіп отырады. Биыл жалғыз басты бір анаға үй алып берген. Жастармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Қазіргі кезде аудандық жастар ресурстық орталығында 130 ерікті бар екен.

Олеся Волосюк, Жастар ресурстық орталығының маманы:

- Өткен жылы Аналар кеңесімен бірлесіп, «Ардагерлерді ардақтайық» шарасын ұйымдастырдық. Оған бізден 20 ерікті қатысты. Қарт кісілердің аула, үй-іштерін жинастырып, керек-жарақтарын алып бердік. Сондай-ақ лудомания, алаяқтыққа қарсы шамамен 60 адамды қамтыған кездесу, трениг өткіздік.

Биыл Меңдіқара ауданының Аналар кеңесі ұлтық тіл мен дәстүрді жастар арасында кеңірек насихаттауды жоспарлап отыр. Осы мақсатта олар мектеп, колледждерде «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» атты жобаны жүзеге асырмақ.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz