Өскемендегі 2 ірі жылу электр орталығында күрделі жөндеу басталды.
Ауқымды жоба аясында энергетикалық мекемелерге заманауи жабдықтар орнатылады. Нәтижесінде орталық жұмысының қуаттылығы арта түседі, дейді мамандар. Келесі жылы жаңа қазандық мен турбина құрылысы басталады.
«Өскемен жылу электр орталығын» күрделі жөндеуге 17 миллиард 500 миллион теңге жұмсалады. Қаражаттың 7 жарым миллиард теңгесі «Тарифті инвестицияға айырбастау»жобасы арқылы бөлінеді. Келесі жылы энергетикалық мекемеде жаңа жобалар басталады деп жоспарланған.
Олжас Асылханов, Өскемен жылу электр орталығының инвестициялық жоба бойынша директоры:
- Қуатттылығы 100 МВт 13-турбина және қуатылығы 400 тонна бу шығаратын 16-қазандық агрегаттарын салу жобасын жүзеге асыруда. Осы жоба құрылысы кезеңіде 500-ге дейін және нысан пайдалануға берілген соң 53 адам тұрақты жұмыспен қамту орны ашылады.
Соңғы жылдары қалада жылу мен электр қуатының тапшылығы айқын сезілді. Халық саны көбейе бастаған шаһарды түгел қамтуға жергілікті жылу орталықтарының қауқары жетпеді. Алдағы уақытта жылусыз қалмас үшін осы кезден қамданған дұрыс, дейді мамандар. Ал жөндеу сапасы мен құрылыс барысы монополияға қарсы қызмет өкілдерінің бақылауында болады. Себебі бөлінетін қаржының бір бөлігі –қарапайым тұтынушылардың төлемақысынан құралған.
Жұмагүл Мусипова, табиғи монополияларды реттеу комитеті ШҚО департаменті басшысының орынбасары:
- Тарихта мұндай болмаған. 7-7,5 миллиард теңге көлемінде инвестиция бағасы бекітілген болатын. Атап айтқанда, жоғарғы қысымды су құбырларын және қазандықтарды жөндеу. Оның ішінде № 8,10,11 және басқа да қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізу. Осы жұмыстардың барлығы департамент қадағалауында болатын болады.
Қала шетіндегі бірнеше ықшам аудан мен ірі зауытты жылумен қамтып отырған «Согра жылу электр орталығы» да жаңартылады.
Нұрлан Рамазанов, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Инвестициялық келісімнің негізгі мақсаты бұл станцияны кеңейту, модернизация жасау. Қосымша төртінші қазандықты қою,қосымша турбина қою 30МгВтт қазандық бізде 60 Гкклаға кіретін болады. Қазір бұл станциядағы профицит 42 Гккл алдағы бес жылда 100 Гккла профицит болады.
Инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асса алдағы уақытта бұл мекемелердің жұмыс тиімділігі артып, тозу көрсеткіші төмендейді, дейді энергетиктер. Яғни өткен ғасырдың 50-жылдарынан бері қолданылып келе жатқан жылу кәсіпорыны толық жаңғыртылады.
Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин
Тегтер #Өскемен #жылу орталығы #жөндеу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz