RU
Толық нұсқаға өту

Су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтіледі

05.05.2025, 17:28 408

Бұдан былай су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтіледі. Өзгеріс жаңадан қабылданған су кодексінде көрсетілген, деп хабарлайды 24kz.

Ол бойынша уәкілетті органдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін қадағалау функциялары енгізіліп отыр. Судың «қара нарығымен» күресу мақсатында, гидротехникалық нысандар мен су қорғау аймақтары ерекше бақылауға алынбақ. Мұнымен қоса, енді бассейндік кеңестерге рұқсат етілген су пайдалану көлемдерін қысқарту, су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы шараларға әрекет ету құзыреті беріледі.

Болат Бекнияз, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі:

- Жаңа кодексте су ресурстарын басқаруда шешуші құжаттар ретінде Су ресурстарын біріктірілген басқарудың Бас жоспары мен бассейндік жоспарларды әзірлеу көзделген. Сондай-ақ қауіпті гидротехникалық құрылыстарға қатысты көпфакторлы зерттеулер жүргізу және қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу міндеттері қарастырылды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz