Еліміздің Ұлттық архивінде «Батырларға тағзым» бірегей веб-порталы таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.
Мұнда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтер жинақталған. Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды. Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан сайтта қазірдің өзінде 678 мыңнан астам майдангер жайлы ақпарат ұсынылған. Оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес Одағының батыры, 19 «Даңқ» орденінің кавалері, «Даңқ» орденінің иегерлері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы мәліметтер базасы мен галереясы бар.
Сағила Нұрланова, ҚР Ұлттық архивінің директоры:
- Тарихын ұмытқан ел ел болмас деп атам қазақ айтқандай, осы тарихты өскелең ұрпақтың жадында сақтап қалу үшін сол кезде соғысқа қатысқан біздің қазақстандық майдангерлердің ерлігі және майданда өткен жолдары, майданда алған әскери шендері мен марапаттары туралы мәлімет алуға болады.
Тегтер #Батырларға тағзым #майдангерлер #Жеңістің 80 жылдығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz