RU
Толық нұсқаға өту

Алдағы бес жылда 1 млн азаматқа ЖИ дағдыларын үйрету жоспарланған

05.05.2025, 19:50 515

Алдағы 5 жыл ішінде елімізде 1 млн адамға жасанды интеллект дағдыларын үйрету жоспарланған, деп хабарлайды 24kz.

Биыл мыңнан астам оқушы шығармашылық технологиялардың қыр-сырын үйренбек. Осылайша, жылына мыңға жуық жоғары білікті маман даярлау көзделіп отыр. Отандық жасанды интеллект индустриясын дамыту арқылы ұлттық мүдде мен дербес деректерді қорғауға болады. Елдің цифрлық тәуелсіздігін сақтауға мүмкіндік береді. Alem.Ai халықаралық орталығы Қазақстанның цифрлық трансформациясының символы саналады. Осыған байланысты еліміз мемлекеттік қызметтерді ұсынуда жасанды интеллект технологиясын кеңінен пайдаланады.

Еске сала кеткен жөн, бүгінде Қазақстан әлемдегі онлайн-қызметтер индексі бойынша алдыңғы 10 елдің қатарына кіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz