RU
Толық нұсқаға өту

Астанада әскери қызметшілер марапатталды

06.05.2025, 13:00 635

Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Бірқатар әскери қызметшіге Президент Ақордада мемлекеттік наградалар табыстады. Әскерлерді басқару және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктері үшін бірнеше әскери қызметші жоғары дәрежелі орден-медальдармен марапатталды. Сондай-ақ кәсіби мерекеге орай 51 әскери қызметші мен азаматтық персонал мемлекеттік наградаға ие болды. Оның ішінде 17 адам орден, 33 адам медаль және бір адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды. Бұдан бөлек 61 әскери қызметші ведомстволық наградалармен марапатталды. Ал 54 әскери қызметшіге мерзімінен бұрын кезекті әскери атақ берілді.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Қазақстан Қарулы Күштері егемендік жылдары үлкен даму жолынан өтті. Осы уақытта біз қуатты, мықты кәсіби әсер құрдық. Айбынды армиямыз ел тыныштығының мықты қалқаны. 

 Шерхан Балтабай, 31775 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы:

- Бүгінде 80 жылдық жеңіске орай оның алдында Жоғарғы Бас қолбасшының жауынгерлік марапаттарымен марапатталудамыз. Көңіл-күй өте керемет. Қазіргі күнде Жеңіс күнімен бүкіл қазақ елін құттықтаймын.

Алмас Дәулетбек, қатардағы жауынгер:

- Қорғаныс министрлігінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің үздігі деген марапат алдым. Енді бұл көптің біріне бұйыра бермейтін марапаттардың бірі. Үйге де, жалпы өзімнің бригадама да мақтанышпен баратын болдым, мақтана отырып.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz