Маңғыстау облысында Сайөтес және Бейнеу ауылдарын жалғайтын жол бұдан былай дрон арқылы бақыланады.
Оған дәл осы аумақта жол апатының жиілеп кетуі себеп. Полицияның дерегінше, өткен айда 9 жолаушы қаза тауып, тағы бір адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскен. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Профилактикалық шара кезінде жеңіл көлігімен қарсы жолаққа шыққан 6 жүргізуші дрон көмегімен анықталып, айыппұл салынды. Ендігі кезек құқыққорғаушылар жол жиегінде мал жайылатын аумақтарда осы тәсілді қолданып, үй жануарын қараусыз қалдырғандарға әкімшілік шара қолданбақшы.
Тілекберген Селбаев, облыстық ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары:
- Арнайы ұйымдастырылған «Жолда қабылдау» пункттерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басты назар қозғалыс жылдамдылығын сақтау, түнгі мезгілде алыс сапарға шықпау. Авариялық ахуал тудыратын маневрлар жасамау сияқты факторларға аударылды. Өйткені дәл осы ережелерді елемеу салдарынан осы учаскеде жол көлік оқиғалары орын алуда.
Тегтер #жол апаты #дрон #трасса #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz