RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында кене шаққан 204 адам дәрігер көмегіне жүгінген

06.05.2025, 13:39 382

Қарағанды облысында тек сәуір айында кене шаққан 204 адам дәрігер көмегіне жүгінген.

Бұл былтырғымен салыстырғанда 3 есеге көп. Санитариялық-эпидемиологиялық мамандар мұны күннің ерте жылынуымен байланыстырып отыр. Қысқы ұйқы кезінде кенелердің сілекей бездерінде туляремия, кене энцефалиті, сал, лайм ауруы, сүзек тудыратын көптеген зиянды қоздырғыштар жиналады. Егер инфекция дендеп қанға енсе зардабы мүгедектікке немесе өлімге дейін апаруы мүмкін. Кене шаққан адамдардан зертхана қорытындысы бойынша ондай аурулар анықталмаған.

Ботагөз Әбілдаева, Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

- Табиғатқа шыққан кезде денелерінен кене тауып алатын болса оны өздігінен алмау керек. Жақын арада медициналық мекеме болса сонда барып, кенені медицина қызметкерлер алып тастау керек. Алыста жүретін болса кенені өздігінен алуына болады, бірақ қолдары таза болу тиіс. Кене алынған жерді қолдарында бар спиртпен, немесе 5 пайыздық йодпен залалсыздандыру керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz