RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада көп қабатты үйлердің терезесіне қауіпсіздік торы орнатылады

06.05.2025, 13:46 398

Қызылордада жаңадан салынатын көпқабатты үйлердің терезесіне қауіпсіздік торын орнату ұсынылды.

Бұл - облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастамасы. Құрылыс компаниялары игі істі елеусіз қалдырмаған. Бала қауіпсіздігіне бей-жай қарамаған мердігерлер аз емес,-дейді мамандар. Статистикаға сүйенсек, аймақта жоғары қабаттан құлап, мертіккен бала саны азаяр емес. 2023 жылы осындай 14 жағдай тіркеліп, бір бала қайтыс болған. Ал былтыр 17 бала терезеден құлап, жарақат алған. Абырой болғанда, олардың барлығы ауруханада емделіп, аман қалған. Қазіргі таңда облыстық құтқару қызметі «Терезе» атты профилактикалық акцияны бастап кетті. Күн ысыған сайын тұрғындар пәтер терезелерін ашық қалдырып жатады. Ал кейбір ата-аналар терезеге арнайы блокиратор орнатуға асықпайды. Осыған байланысты мамандар рейдтік шараларды жүйелі түрде жалғастырмақ.

Бейбітхан Спанов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Статистикаға жылда қарайтын болсақ, осы 3-4 жылдың көлемінде 6 жасқа дейінгі балалар көп құлайды. Сол жағалау мөлтек ауданы, Жаппасбай батыр, Арай мөлтек аудандарында көбінесе көп қабатты тұрғын үйлер салынғандықтан сол жақта төтеншеліктердің рейд жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Қала аумағында демеушілікпен, 20-ға жуық тұрмысы төмен отбасыға балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы блокиратор аппараттарын орнатқан болатынбыз. Биыл да орнату жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz