RU
Толық нұсқаға өту

ТЖМ ауқымды реформа жүргізіп жатыр

06.05.2025, 13:55 460

Төтенше жағдайлар министрлігі сандық қызметтердің санын арттырды.

Мәселен, стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында жаңғыртылған ахуалдық зал іске қосылды. Онда ықтимал техногендік және табиғи апаттарды болжау, сондай-ақ олардың салдарын бағалауға бағытталған цифрлық сервистер шоғырландырылады. Бұдан бөлек "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ның геопорталымен бірлесіп су тасқыны жағдайын модельдеу және тұрғын үйлердің су басуына, тіршілік әрекетінің бұзылуына жол бермеу үшін қолданылатын сандық жүйе бар. Сонымен қатар жасанды интеллект базасында қоңырау шалушы абоненттің және зияткерлік көмекшінің орналасқан жерін анықтау мүмкіндігімен "112" сall-орталығы құрылмақ. Халықты төтенше жағдайлар туралы хабардар ету үшін "112KZ" мобильді қосымшасының демонстрациясы әзірленді. Ол арқылы азаматтарды табиғи және техногендік апаттар немесе әлеуметтік тәртіпсіздіктер сияқты қауіптер мен тәуекелдер туралы жедел ақпарат алуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz