Жыл басынан бері Астана бойынша «112» пультіне 500-ден астам қоңырау түскен.
Түрлі деңгейдегі төтенше жағдайға байланысты, құтқарушылар 50-ден астам адамды аман алып қалды. Олардың 29-ы бала. Ал су астындағы құтқару шарасына қатысты тек бір қоңырау шалынған. Ондағы оқиғада адам өміріне зиян келмеген. Иә, қызметі сабырлық пен күш-жігерді талап ететін төтеншеліктерді «бүгінгі күннің батыры» деуге болады. Әсіресе ерлігі көзге көрінбейтін сүңгуір-құтқарушылардың еңбегі ерен.
Астаналық Ұлан Нұрғалиев қаладағы Жедел құтқару жасағында 10 жылдан астам қызмет етеді. Осы уақыт бедерінде ол жүздеген адамды ажалдан арашалап қалған. Бүгінде білікті маман осы арнайы жасақтағы төртінші бөлімшенің бас құтқарушысы ретінде абыройлы еңбек етіп келеді. Ол жалпылама құтқарушы саналғанымен, оның су астына сүңгу біліктілігі бар. Сондықтан жазда оның жұмыс ауқымы кеңейе түседі.
Ұлан Нұрғалиев, қалалық ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
- Бізде тек жазда емес, күзде де, мұз қатып жатқан кезде де балықшылар боалды, тонкий лед болады. Соларға да ескерту жасаймыз. +03.32-03.50/ бізге көбіне суға батып кеткеннен кейін хабарласады. Біз барғанда уже туыстары, ата-анасы жылап, айқай-шу болады. сол кезде сондай моменттер қиын болады. Судан алып шыққан кезде әке-шешесі жылап, өзіңіз білесіз.
Сүңгуір-құтқарушылар суға түсу кезінде салмағы жоғары, тіпті 60 келіден асатын жабдықты киеді. Бір ғана жүктеу белдігінің өзі 20 келіден асады. Бірақ ширақ қозғалып, оның бәрін жылдам киюі қажет. Себебі маманның алдында ең басты міндет – адамның өмірін құтқару.
Ұлан Нұрғалиев, қалалық ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
- Әр құтқарушының мынадай жіп болады арнайы сыртпен байланысты болатын. Груз болады белінде 24 кило, әр адамда әрқалай болады. и артында 15-16 кило баллон болады.
- Дайынсыз ба сүңгуге?
- Иә, дайынмын!
- Сәттілік!
Уақыт пен мезгілге қарамастан жұмыс істейін сүңгуір-құтқарушылардың еңбегі ерен. Бүгінде ел бойынша 750-ден аса маман болса, оның 40-тан астамы Астана қаласында еңбек етеді.
Ермек Әлібеков, қалалық ТЖД сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бастығы:
- Суда құтқару бойынша былтыр 16 қоңырауға шықтық. Өкінікше қарай оқиға орнында 14 адам қайтыс болды. Оның бесеуі бала. Биыл тек 1 ғана құтқару қоңырауы түсті. Бірақ ол жерде қайғылы жағдай тіркелген жоқ. Жуырда шомылу маусымы басталады. Бұл біздің бөлімше үшін ең ауыр кезең. Себебі құтқарушылардың ескертуі мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан, азаматтар тыйым салынған жерде суға түсіп, нәтижесі қайғылы жағдаймен аяқталып жатады.
Биіктен құлау, өрт, жер сілкінісі. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерімен қатар төтеншеліктер де шұғыл жетеді. Дегенмен, оның ішінде сүңгуір-құтқарушылардың қызметі көбіне көзге көрінбейтіні рас. Бірақ көпке үлгі екені сөзсіз.
Альмира Оразбай, Мадияр Қындыбаев
Тегтер #елорда #төтенше жағдай #құтқару #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz