RU
Толық нұсқаға өту

«Батыр» атағын ала алмай қалған қазақстандық жауынгерлердің саны 300-ден асады

06.05.2025, 14:28 476

Ұлы Отан соғысы жылдарында батыр атағына ұсынылған, бірақ оны ала алмай қалған 300-ден астам жауынгердің құжаттары архивтерде сақтаулы.

Қордағы құнды қағазды ақтарып, оларға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Қазақстан мен қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында отандық тарихшылар осылай деді. Олар жаңа жобаны бастап, тек архив емес, майданға қатысқан көзі тірі ардагерлер арқылы тың деректер алуға ниетті. Бұдан бөлек шарада екінші дүниежүзілік соғыстағы армияны азық-түлікпен қамту, сұрапыл жылдардағы білім мен ғылымның дамуы талқыланды. Конференцияға отандық мамандардан бөлек шетелдік ғалымдар да онлайн қатысты.

Мақсат Алпысбес, тарих ғылымдарының докторы:

- Бұрын аз қолданып келген, ауызекі тарихи деректерді жинау әдісі қолданылу керек. Өйткені жаңағы соғыс куәгерлері сиреп барады. Бұрынғы жасамыз адамдардың қатары аз. Сондықтан олардың естеліктері, соғыс жылдарындағы майдангерлер туралы естеліктерді мейлінше қазір хаттап алып, жазып, тіркеу – ол да архив құжаттары. Кейбір дәрежеде кейбір ресми құжаттан гөрі бейресми халықтың естелігінде сақталған осындай жады-деректері әлдеқайда құнды болуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz